Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ұры-қараның құрбаны болмау үшін... - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 19 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ұры-қараның құрбаны болмау үшін…
22:04, 11 апреля 2017

Ұры-қараның құрбаны болмау үшін…


Кеше аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында құқық қорғау органы қызметкерлері жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ондағы мақсат — біреудің мүлкін заңсыз иемденушілерге қарсы іс-қимылды жандандыра түсіп, ұрлық-қарлықтың алдын алу болатын. Аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ төрағалық етіп отырған бұл бас қосу барысында ауданның бас полицейі Асхат Данияр бүгінгі таңда белең алып отырған осы мәселеге қатысты өз пікірі мен ұсыныстарын айтып, өз кәсібін өрге дөңгелеткісі келетін іскер жандарды сұғанақ қолдылардың құрбаны болмауға шақырып, ол үшін барлық жүкті құқық қорғаушыларға ғана жүктеп қоймай, өз жекеменшігін сақтауға деген жауапкершіліктерін арттыра түсу қажеттігін алға тартты.

Жалпы, жиында ұрлыққа тосқауыл қою міндеттері, сондай-ақ, осы санаттағы қылмыстардың санын азайту мәселелері кеңінен сөз болды. Ауданда адамдар көп шоғырланатын базарларда, сауда орталықтарында, дүкендерде, сонымен қатар, жеке үйлер мен пәтерлерде, сән салондары мен шаштараздарда ұялы телефонның, әмиян мен тауарлардың қолды болуы көптеп тіркеледі екен. Оның себебін полиция қызметкерлері халықтың көптігімен және адамдардың өздерінің заттарына ұқыпсыз, бейжай қарайтындығымен түсіндірді. Соның нәтижесінде, былтырғы жылдан бері бұл қылмыс түрі 25 пайызға өскені де тілге тиек етілді. Бұдан бөлек, ұрлыққа қатысты арнайы дайындалған бейнеролик те көрсетіліп, оған аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Асхат Даниярұлы қауіпсіздік шараларын бірге қолға алмаса, аталмыш құқық бұзушылық көбейе беретінін әңгіме арқауына айналдырды.

Бұл ретте қатысушыларға өздерінің жеке кәсіптеріне, жекеменшік үйлеріне немесе пәтерлеріне бейнебақылау камераларын, дабыл жүйесін орнатуларына , сақтану шараларын барынша қолға алуға кеңес берілді. Себебі, осы арқылы қылмысты анықтау, оны әшкере ету тез жүзеге аспақ. Басқосу соңында, кәсіпкерлер де өз ұсыныстарын ортаға салып, тірнектеп жиған-терген дүниелерін оңай олжаға кенелгісі келетіндерге қолды қылмау үшін барлық керекті шараларды қолданатындарын айтып тарқасты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района