Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» экспедициясы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 13 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» экспедициясы
22:20, 28 мая 2018

«Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» экспедициясы


Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ¬филиалы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» атты ғылыми танымдық-экспедиция кеше біздің ауданға да келіп кетті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарын халық арасында кеңінен насихаттау іс-сапардың негізгі мақсаты еді. Университеттің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаев бастаған топ құрамында зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, географ-тарихшылар, өлкетанушы археологтар, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.
Өз сапарын Көршілес Жамбыл ауданынан бастаған делегация алдымен Қаскелең қаласының кіре берісіндегі Наурызбай батыр ескерткішін тамашалаудан бастап, естелік суретке түсті. Мұнан соң, олар Қарасай ауданында сәулеті қайталанбас ерекше «Батыр бабалар» мемориалы кешеніне жол тартты. Музейде олар бір үлкен залдан және үш тақырыптық бөліктен тұратын мемориалдың экспозицияларын көрді. Атап айтқанда, «Сақ дәуірінен Алаш Орда үкіметінің құрылуына дейін», «Тәуелсіздікке жетуге елеулі үлес қосқан атақты хандар мен билер», «Ерлігімен туған жердің даңқын асқақтатқан батырлар» атты жәдігерлермен таныс болды. Жалпы, онда кескілескен ұрыстар мен ел тағдыры қыл үстінде тұрған алма-ғайып заманда өзінің ерлігімен талай жаудың бетін қайтарып, ұлан ғайыр атырапты ұрпағына сақтап қалған атақты хандар мен билер, батырлар мен ел тәуелсіздігіне үлесін қосқан адамдардың портреттері бейнеленген. Толық аралап болған соң, әрі қарай делегация Еңбекшіқазақ ауданына қарай жол тартты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района