Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Рухани жаңғыру жолында - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 19 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Рухани жаңғыру жолында
16:15, 18 апреля 2017

Рухани жаңғыру жолында


Президентіміздің жақында ғана жалпақ жұртқа жария еткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын отандастарымыз үлкен қызығушылықпен талқылап, өз пікірлерін білдіруде. Аудандық әкімдікте өткен актив жиынында да осы стратегиялық құжатқа орай, қарасайлықтар алдына қойылар мақсат-міндеттер күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде қойылып, әр сала өкілдерінің оған қатысты ойлары мен ұсыныстары тыңдалды. Жиынға аудан әкімі Махаббат Бигелдиев төрағалық етіп отырды. 

Бас қосуды ашқан Махаббат Садуақасұлы мемлекет басшысы биыл үш бірдей жаңа бастама көтеріп, даму жолымызды жанжақты айқындап, бағдарлап бергенін, атап айтқанда, біріншіден — елімізді технологиялық дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ауқымды жаңғыруға, екіншіден – конституциялық реформа арқылы саяси жаңғыруға, ал  мақалада рухани жаңғыруға жол ашып отырғанын айта келе, бұл бағдарлама ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние екенін жан-жақты әңгімеледі. Бұл тұрғыда Елбасы таяу жылдардағы орындайтын міндеттерді нақтылап, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауды, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»жобасын, жалпыұлттық патриотизмді дәріптейтін «Туған жер»бағдарламасын қолға алуды, ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін көрсететін «Қазақстандағы 100 жаңа есім»жобасын жүзеге асыруды тапсырғанын тілге тиек етіп, осы басқосудың негізгі мақсаты да сол,

Елбасының бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды орындаудағы өз міндеттерімізді анықтау екендігін жеткізді.

Келесі кезекте, «Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы» баяндамасын оқыған аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева осы айтылғандарды әрі қарай сабақтай түсіп, келешекте осы мәселеге қатысты қарасайлықтар алдына қойылған міндеттерді айқындап берді. Аталған бағдарламалық мақалаға – еліміздің болашағына бағыт беретін, әрбір адамның өзін және айналасын тануға жол ашатын басты идеологиялық құжат ретінде баға берген баяндамашы әрі қарай әр қазақстандықтың рухани санасын жаңғырта түсуге қажет басым бағыттарға кеңінен тоқталды. Атап айтқанда,  бәсекелік қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы сияқты түсініктердің түпкі мазмұнына терең бойлады.

Өз сөзін Елбасымыздың мақаласында  атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, аудандық әлеуметтік — экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге шақырумен түйіндеген аудан әкімінің орынбасары ең алдымен аталған мақалаға қатысты насихат жұмысын жан-жақты жүргізу қажеттігін баса айтты.

Келесі кезекте талқылауға шығып, сөз сөйлегендердің де пікірі бір арнада тоғысып, мақаланың өзектілігі мен өміршеңдігін тақырыпқа тұздық етті. Бұл ретте, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Мәсімақыновтың, Алтынсарин орта мектебінің директоры Ж.Кулиеваның, аудандық «Заман жаршысы» газетінің директор-бас редакторы А.Исаеваның, аудандық «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты, «Жас Отанның» белсенді мүшесі Ә.Қабылбекованың, кәріс этно- мәдени орталығының төрайымы Э.Югайдың айтқандары жиналғандардың көңіліне орнығып, қолдау тапты. Бұл ретте аудан әкімі де Президенттің мақаласында жүктелген негізгі міндеттердің басым бөлігі білім және ақпарат саласы қызметкерлері мен жастар қауымына тиесілі екендігін де ерекше атап өтіп, осы отырыс барысында берілген тапсырмалар алдағы жұмыс күндеріне белгіленген жоспарлар қатарынан орын алуы қажеттігін де ескертті.

Жалпы, аудандық мәслихат хатшысы, депутаттары, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, құқық қорғау органдары, аудандық бөлім және басқарма, қала және ауылдық округі әкімдері, мектеп директорлары, қоғамдық ұйым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырған актив жиынын қорытындылаған Махаббат Садуақасұлы жаңа заман көшіне ілесіп, өркениетті ел болу үшін ұлттық сананы сақтау мен өрістетудің нақты жолдары ұсынылған мақаланы басшылыққа ала отырып, Қарасай жерінде де бірлік пен татулықты, рухани келісімді, экономикалық даму үрдістерін сақтау үшін нақты жұмыстар атқарылуы тиістігін алға тартты. Осы орайда, аудандағы«Туған жерге туыңды тік», «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобаларын, аудандық ақсақалдар, ардагер аналар ұйымы жүргізіп отырған жұмыстарды одан әрі жалғастыру, жас ұрпаққа тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру  мақсатында кешенді жұмыстар жоспары жасалып, іске асырылуы керектігін айтты. Қала және округ әкімдеріне «Жаныңда жүр жақсы адам», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сияқты жобаларды іске асыруды тапсырды. Әр қала және ауылдық округтерде тарихи, мәдени ескерткіштердің тізімі жаңартылып, жастарға тәрбиелік мәні бар шаралар өткізілу, Елбасының бағдарламалық мақаласын тұрғындар арасында насихаттау керектігін еске салды.

Қорыта айтқанда, өркендеудің жаңа кеңістігіне алып шығатын: бәсекелік қабілет пен парагматизм, сананың ашықтығын қамтамасыз ету,  ұлттық  бірегейлікті сақтау мен білімнің салтанат құруы бағытындағы жұмыс өз нәтижесін береді деген сенімдемін,- деп түйіндеді өз сөзін аудан басшысы.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района