Вторник, 20 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Құрмет» ордені табысталды
20:04, 21 декабря 2017

«Құрмет» ордені табысталды


Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесін Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім ұжымы да толайым табыстармен және жақсы жаңалықтармен қарсы алды. Бүгін онда өткен салтанатты жиында жыл көлемінде атқарылған оңды істер тілге тиек етіліп, қорғаныс саласының дамуына, аудандық бөлімнің жұмысының алға ілгерілеп, әлеуетінің жақсаруына зор үлес қосқан полковник Анарбай Тілеулиев Елбасының «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұл жиынға ҚР Қарулы күштер саласында ұзақ жыл еңбек еткен запастағы генерал лейтенант Болат Дарбеков, полковниктер Махсут Аймашев, Омар Ермеков, Малик Қалиев, Алексей Лановенко және ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Сәбит Пішембаев қатысып отырды.

Аталмыш бөлімнің қазіргі басшысы, майор Нұрбол Жұмашхан марапат иесін құттықтап, оған құрмет белгісін растайтын төсбелгіні табыстады. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор М.Дайыровтың алғыс хатын ұсынды.

Сонымен қатар, кеш қонақтары да құттықтаулары мен жылы лебіздерін білдірді. Бас қосудың соңында жиынға  келіп тілек білдірген барлық беделді азаматтарға ұлттық дәстүрмен кескінделген қазақы шапан жабылды.

Өз кезегінде Анарбай Тілеулиев көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп алғыс айтты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района