Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 22 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
9:30, 31 марта 2017

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!


Еліміздің атын айдай әлемге танытатын «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына 70 күн қалды. Қазірдің өзінде 100-ден астам  мемлекет өздерінің көрмеге қатысатындықтарын растады.

Айтулы шараны көзбен көрем деушілер үшін бір жылдан бері билет сатып алу науқаны басталып кеткен болатын. Қазіргі таңда «ҰК «Қазпочта» АҚ арқылы көрмеге кіруге мүмкіндік беретін  билеттерге қол жеткізуге мамандар көмек көрсетуде. Барлық билеттер электронды түрде сату «tickets.expo2017astana.com» ресми сайты арқылы жүзеге асуда. Олардың құны белгіленген жұмыс күндеріне 4000 теңге, белгіленбеген жұмыс күніне 6000 теңге, демалыс күндеріне белгіленбеген билеттер 8000 теңге. Сонымен қатар, мейрам және арнайы күндерге де бөлек билеттер бар. Қолма-қол ақшамен есеп айырысқан сияқты, банк карточкаларымен де электронды билеттерді тұтыну жағы қарастырылған. Бұл ретте, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар, алты жасқа толмаған бүлдіршіндер көрмеге еркін қатыса алатынын және зейнеткерлер, көп балалы ата-аналар, студенттер мен оқушылар үшін арнайы жеңілдіктер бар екенін естеріңізге саламыз.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілу бағдарламасы да өте тартымды. Оның шеңберінде түрлі  мәдени және думанды шаралар, спорттық жарыстар жоспарланған. Солардың ішінде ХІІІ «Еуразия» халықаралық кино фестивалі, көкпардан І Әлем чемпионаты, теннистен және футболдан «Президент Кубогы — 2017» турнирі, Вена балы, «Turkvision» эстрадалық ән байқауы, Димаш Құдайбергеновтың жеке концерті, «Бокс королі» атанған Г.Головкиннің әлемдік деңгейдегі жекепе-жегі сияқты тағы да басқа көптеген ерекше бағдарламаларды атап айтуға болады.  Бұлардан бөлек, 10 маусымда көрменің ашылуы,  6 шілдеде  Астана күні, 10 қыркүйекте жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтеді деп күтілуде.

Көрменің жалпы құрылымы да ерекше ойластырылған.Дәл ортасында биіктігі 100, ені 80 метр болатын, дөңгелек пішінді қазақстандық павильон орналасқан. Ол сегіз қабаттан тұрады. Әрқайсысында ғарыштық, күн көзі, жел, су энергиясы, яғни, жасыл экономика көрініс табатын түрлі секторлар қамтылған.

Сондықтан да, құрметті қарасайлықтар, «жүз рет естігенше, бір рет көрген» дұрыстығын ескеріп, әлем назары елімізге ауатын ерекше тарихи оқиғадан құр қалмаңыздар! Сіздерді «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттерді «Қазпочтаның» аудандық бөлімшесінен алдын-ала сатып алуға шақырамыз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района