Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ұрлыққа жол жоқ - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 27 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ұрлыққа жол жоқ
22:40, 30 ноября 2017

Ұрлыққа жол жоқ


Бүгін аудандық прокуратурада ұрлықтың алдын алуға арналған  «Стоп кражам!» атты республикалық акция аясында дөңгелек үстел өтті. Оған Қарасай ауданының прокуроры Жансейіт Аязбаев, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әмірғалиев, аудандық ІІБ басшысының орынбасары Абай Тынышбаев және полиция қызметкерлері мен коммуналдық қызмет көрсету саласының мамандары қатысты.

Бас прокурор Жансейіт Амангелдіұлы төрағалық еткен жиында қазіргі таңда өршіп тұрған ұрлықтың алдын алуға арналған шаралар талқыланды. Еліміз бойынша асқынып тұрған бұл қылмыстың тамырына түбегейлі балта шабу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мәселенің мәнісіне терең үңілгені аңғарылып тұрды. Онда, ең алдымен аталмыш қылмыс түрі көптеп тіркелетін Іргелі мен Райымбек ауылдық окруктері мәселесі алдыңғы кезекте назарға алынды. Өйткені, Алматы қаласына жақын орналасқан бұл елді мекендерде адам саны да, сонымен қатар, тіркеуге тұрмаған, пәтерді жалға алып тұратын белгісіз азаматтарда көп екен. Осыған орай, аталмыш округтерде үй, телефон және жеңіл көліктерді тонау қылмыстары көп тіркелуде.

Жалпы, бұл республикалық акцияның мақсаты ұрлық қылмыстарын алдын алуға екенін алға тартқан аудандық ІІБ басшысының орынбасары Абай Шонайұлы баяндама жасап, ұрлықтың алдын алуда жаңа тәсілдерді пайдалану қажеттігін айтты. Яғни, бұл салаға азаматтар мен кәсіпкерлерді тарту, сондай-ақ, заманауи технологиялар мен шет елдердің озық тәжірибелерін пайдалануды ұсынды. Бұдан бөлек, акция аясында ынталандыру жүйесін енгізу арқылы бейнебақылау камералар жүйесін кеңейту де жоспарланып отырғанын жеткізді. Осы құрылғыларды пайдалану арқылы көпқабатты және жекеменшік үйлердің ауласындағы ұрлықтың санын азайтып, қылмысқа тосқауыл қоюға болатыны айтылды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района