Әріптесіне қол көтерген полиция бөлімінің басшысы жұмыстан кетті  

0
222

Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекқожаев қол астындағы қызметкерлерді ұрғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Hola NEWS сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған полиция қызметкерінің әріптесіне қол көтерген видеосын Жамбыл облыстық полиция департаменті қарап шыққан.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлерінің тәртіптік жарғыдан тыс қарым-қатынас дерегін білдіретін бейне жарияланым анықталды. Бұл оқиға 2020 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысының Сарысу аудандық полиция бөлімінде орын алған. Аталған дерек бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеру жүргізілді. Қызметтік этиканы өрескел бұзғаны үшін Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев қызметінен босатылды»,- делінген ведомство хабарламасында.

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь