Ресейде COVID-19 диагнозымен тірі адам жерленді

0
267

Кемерово облысындағы Ленинск-Кузнецкий ауданының Шабаново ауылында тұратын бір отбасы коронавируспен ауырған атасын өлдіге санап, кейін тірі екенін білген, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған жайтты тексеру үстінде.

Кузбасс ауылының тұрғындары мүгедектерге арналған интернатта тұрған егде жастағы туысын коронавируспен ауырғандықтан, жабық табытқа салып жерлегенін айтқан. Олардың айтуынша, бір аптадан кейін қарияның тірі екендігі белгілі болды.

Ресми ақпаратта былай деп жазылған: «COVID-19 вирусынан жазылып шыққан адамның кім екенін анықтау үшін қарттар үйіне оның туыстары шақырылады. Кейіннен анықталғандай, ауруханаға қарттар үйінен екі науқас жатқызылады. Бірақ дәрігерлер қателесіп, емделіп шыққан науқасты аруханадан басқа біреудің төлқұжатымен шығарған екен».

Кузбасс денсаулық сақтау министрлігі РИА Новости агенттігіне хабарлағандай, қазіргі кезде коронавирус инфекциясын жұқтырған екі науқасқа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қатысты ресми тексеріс жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мен сарапшылардан құралған комиссия барлық медициналық мекемеде болып, коронавирус жұқтырған науқастардың қалай емделіп жатқанын тексерді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь