Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на декабрь 2018 года – 264.3 тыс. человек | из них: городское – 64,6 тыс.человек | сельское — 205,8 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қазақстан рекордтар тізіміне енген музей (Видео) - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 20 Январь 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қазақстан рекордтар тізіміне енген музей (Видео)
23:39, 08 января 2019

Қазақстан рекордтар тізіміне енген музей (Видео)


Қарасай ауданымызда тағылымы мол ақ жаулықты ару аналарымызға арналып бой көтерген     «Анаға құрмет» музейінің ТМД елдерінде баламасы жоқ болып есептеледі. Жуырда осы орталықтың мәртебесі одан әрі өсіп, тағы бір дәрежеге ие болды. Атап айтар болсақ, «Анаға құрмет» мұражай «КИННЭС» Қазақстан рекордтар кітабы тізіміне енген болатын. Бұл энциклопедия 1999 жылы жарық көріп, бүгінгі күнге дейін ең қызықты деген рекордтар тізімін халық назарына ұсынып келеді.  Бүгінгі күні музейде елімізге танымал әйелдерге қатысты 500-ден астам, құжаттар, картиналар, тұрмыстық бұйымдар жинақталған. Олардың арасында түрлі материалдардың түпнұсқалары кездеседі. Оның бірі 14-15 ғасырдағы Ресей мемлекетіндегі «Қазан» баспасынан шыққан Құран Кәрім кітабы болса, тағы бірі Әлия Молдағұлованың сұрапыл соғыс кезінде қолданған заттарын айтуға болады. Осы экспонаттарды өз қолымен жинаған Бақыт Шпекбаева тарихи орталықтың іргетасының қалануына ұйытқы болған. Идея авторы мұндай мұражайдың құрудағы негізгі ойымен бөлісіп,  бұйымдардың кімнен әрі қайдан алынатындығына да тоқталып өтті. Мұнда бір ғана ауыл немесе ауданның емес, бүкіл Жетісу өңірі тұрғындарының өз ниетімен мұражайға әкеліп тапсырған бұйымдарын көріп, тамашалауға болады. Сонымен қатар әйел адамның көркіне көрік беретін көне алқа әшекейлердің қаз қалпында сақталуыда баса назар аудартады. Жалпы, құнды бұйымдар жиналған орталықтың жетістіктері жетерлік. Оған осы жылға дейін директор болған Бақытгүл Естемесова мен өзге музей қызметкерлерінің еңбегі зор.  Тарихи құндылықпен анаға деген құрметімізді айшықтайтын мұражайдың есігі келем деушілерге үнемі айқара ашық.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района