«RAKHYM» орталығындағы балалар мерекесі(Видео)

0
420

Сыңғыр күлкілі сәбилеріміздің барлығы бақытты болуға лайықты. Өкінішке орай қоғамда өздігінен жүгіріп, секіріп ойнай алматын балдырғандар да бар. Кейбіреуі үнемі медициналық қызметкер мен педагогтың назарында болуы тиіс. Ал, оларға арналған арнайы мекемелердің саны шектеулі екені мәлім. Солардың қатарында аудан орталығы – Қаскелең қаласында орналасқан, мүмкіндігі шектеулі, психоневрологиялық сырқаты бар балаларға арналған «RAKHYM» атты реабилитациялық қолдау орталығы бар. Бұл жерде 40-тан аса бала тегін ем қабылдау да.

Бүгін аталмыш мекеме Балалар қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды. Жиынға орталықта ем қабылдаушы балалалар, олардың ата-аналары, демеушілер сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ақзира Нұрдуллаева мен Білім басқармасының маманы Мырзаханова Гүлім арнайы қатысты. Бұл жолғы шара, алдыңғыларынан өзгерек. Себебі, осы мейрамға емделушілердің нәтежилерін көрсету мақсатында орталықтың қызметкерлері балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама дайындапты. Алдымен, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін барлық бүлдіршіндер хормен орындап, ақындардың өлеңдерін шамалары келгенше оқыды. Тіпті, «Қара жорға» биін де нақышына келтіре билеуі де әдемі көрініс еді. Балалардың еш кедергілерге қарамай ынтамен, бар ықыластарын сала көрсеткен өнерлері көпшілікке де керемет көңіл-күй сыйлап, ерекше әсерге бөледі. Жиынның соңында демеушілер бүлдіршіндерге алда келе жатқан мейрамдарымен құтттықтап, сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ, аталмыш мекемеге қарқынды жұмыс жасап, мүмкіндегі шектеулі балаларды қолдау жүргені үшін облыстық Білім басқармасы басшысының атынан Алғыс хат табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь