«Qazaqstan» телеарнасынан бүгін «Жақсылық» фильмі көрсетіледі

0
347

Бүгін сағат 19:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіров туралы «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген фильм Токио Олимпиадасы қарсаңында елде және шет мемлекеттерде де көрсетіледі деп жоспарланған еді. Алайда әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты кинотеатрлардағы көрсетілімі кейінге шегеріліп келді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ҚР мәдениет және спорт министрлігіне көркем туындыны телекөрерменге ұсыну құқығын бергені үшін алғыс білдіреді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұдан бөлек, бүгін Жақсылық Үшкемпіровтың қатысуымен түсіріліп, бейнеқорда сақталған «Келбет», «Дара жол», «Сен де бір кірпіш дүниеге…» хабарларын да ұсынады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь