Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Прокурорлар сенбілікке шықты - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 28 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Прокурорлар сенбілікке шықты
20:15, 05 мая 2017

Прокурорлар сенбілікке шықты


Қарасай ауданының прокуроры Жансейіт Аязбаевтың себепкерлігімен «Тазалық – денсаулық кепілі» (Чистота – залог здоровья) жобасы бастау алған болатын. Әрбір жергілікті тұрғынды табиғатқа немқұрайлы қарамауға, айналамызды таза ұстауға шақыру мақсатында өтіп жатқан бұл шараға алғашқы болып өздері, яғни, прокуратура қызметкерлері кірісті.

Ал, бүгін аталған жоба аясында «Қаскелеңнің таза таулары» акциясы өтті. Табиғат сақшыларына айналған заң қорғаушылар жоғарғы трассадан тауға барар жол бойындағы Питомниктен бастап көше бойының және арық маңының бір бөлігін барлап шықты. 7 және 9 мамыр мереке күндеріне орай ұйымдастырылған сенбілікті таудан бастауының себебі – ауданымыздың табиғи артықшылығын бағалау, қолда бар «алтынның» қадіріне жету. Сонымен қатар, бұл іске Жансейіт Амангелдіұлының өзі де білек сыбана кірісті. Шара барысында буылып тұрған қоқысқа толы қаптарды иттер шашып кетпеу үшін әр жерден арнайы темір бөшкелер қойылды, ағаштарға «Табиғатты қорғаңдар!» деген жазуы бар тақтайлар бекітілді.

Жалпы, акция ұйымдастырушылары сау денсаулық, саламатты өмір үшін тазалықтың маңызды екенін ұғындыруды көздеді.

Осы ретте, барша қарасайлықтарды мекеніміз жасыл, суымыз мөлдір, ауамыз таза болуына атсалысуға тағы да шақырамыз. Ең кемі өзгенің қоқысын көтермесеңіз де өзіңіз айналаны ластамаңыз!


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района