Президенттің «Халық алғысы» медалімен марапатталды

0
419

Мемлекет басшысының Жарлығымен пандемиямен күрес кезінде ерекше көзге түскен аудан азаматтары «Халық алғысы» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жер жаһанды үрейлендірген COVID-19 біздің елімізді де әуреге салғаны белгілі. Инфекция белең алған шақта отандық дәрігерлер сырқаттардың жанын арашалауға бар күш-жігерін салды. Бүгінгі таңда олардың жауапты жұмыстары әлі де жалғасып келе жатқанын айта кеткен жөн.  Денсаулықтың сақшысы атанған осындай білікті мамандардың қатарында, мемлекетімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде, кәсіби міндеттерін атқарған басқа да азаматтар бар болғаны белгілі.

Дәл осындай өз ісіне жауапты қызметкерлердің арасында пандемия кезінде қарасайлықтардың амандығы мен ауданның әл-ауқаты үшін аянбай күш жұмсаған жандарды да ерекше атап көрсетуге болады. Солардың бірқатарына бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Назарбаева аудан басшысының атынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Халық алғысы» медалін табыс етті.

Марапаттау барысында Айжан Нұрділдәқызы мерекелік медаль иелеріне ерекше ризашылығы мен ақ тілегін білдіріп, індетпен күрез кезінде алдыңғы шепте жүрген барлығының еңбектері ерекше екенін айтып өтті.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген аталған марапатқа лайық деп танылғандардың қатарында ауданның медицина мен ішкі істер саласының қызметкерлерінен бөлек, карантин уақытында көпке үлгі болған істерімен көзге түскен қайырымды жандар да бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь