Президент табиғатқа зиянын тигізгендерге салынатын айыппұлды ұлғайтуды тапсырды

0
341

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа зиянын тигізген заң айыппұл құнын ұлғайтуды тапсырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Бүгін мен Мемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиянын тигізген заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл құнын ұлғайту жағын қарастыруды тапсырды. Тек бізідң бірлескен күш-жігеріміз ғана еліміздің бірегей табиғи байлығын сақтауға көмектеседі. Сондықтан журналистерге, блогерлерге, экологтарға, қоғам қайраткерлеріне, қоршаған ортамыздың немқұрайлы қарамайтындарға айтарым: барлығымыз бірігіп, өзіміз жол көрсетіп, әрбір қазақстандықты табиғатты құрметтеуге, оған қамқорлық жасауға үйретейік», – деді Мағзұм Мырзағалиев

Министр қазақстандықтарға осындай ұран тастау керектігін жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь