Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Президент Ұлттық университеттер мен республикалық деңгейдегі ұйымдардың басшысын тағайындамайды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Президент Ұлттық университеттер мен республикалық деңгейдегі ұйымдардың басшысын тағайындамайды
19:29, 20 августа 2019

Президент Ұлттық университеттер мен республикалық деңгейдегі ұйымдардың басшысын тағайындамайды


Мемлекет басшысы республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жоғары оқу орындарының және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректорларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының басшысын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес аталған мекемелердің бірінші басшыларын тиісті саланы жетекшілік ететін уәкілетті органдар тағайындайтын болады. Жауапты лауазымдарға үміткерлерді іріктеу конкурс негізінде жүргізіледі.
Жаңа тағайындау тәртібі келесі ұлттық жоғарғы оқу орындарына қатысты: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы; Қазақ ұлттық өнер университеті; Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті; Қазақ ұлттық хореография академиясы; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района