Президент  Instagram желісіне тіркелді

0
685

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде халық ең көп пайдаланатын əлеуметтік желілердің бірі Instagram желісінен ресми парақшасын ашты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым, – деп жазады Мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь