Президент: Балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға рақымшылық болмауы тиіс  

0
174

 

Балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға рақымшылық болмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың қауіпсіздігі және құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Біз кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейттік. Бірақ, проблема өткір қалып отыр. Мұндай қылмыскерлер рақымшылыққа және мерзімінен бұрын босау құқығынсыз барынша қатаң жазалауға лайықты. Олар барынша қауіпсіз мекемелерде ұсталуы тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті мұндай әрбір іс прокуратура органдарының айрықша бақылауында болуы тиістігін баса айтты.

«Әлеуметтік және құқық қорғау органдары тарапынан әрекетсіздік немесе немқұрайлы қарым-қатынас қатаң жазалануы қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь