Президент: «Қазір той тойлап жүретін уақыт емес»  

0
494

 «Ана тілі» газетіне сұхбат берген Президент қазақ тілінің ғана емес, еңбек адамының абыройын асыруға да басымдық беру керектігін айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.  

Былтыр Ақордаға қарапайым жұмысшыларды арнайы шақырып, марапаттағаны да сол. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы: Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес» деді. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс.

– Кейбір жағдайда біздің еңбекке байланысты қарым-қатынасымызға сыни көзқараспен қарайтындар аз емес. Бұл жағдай менің көңіліме қаяу салады. Біз қоғамның еңбеккерлерге деген көзқарасын түпкілікті өзгертуіміз керек. Әрбір еңбек құрметке лайық болуы қажет. Сондықтан мен «Халық алғысы» деген мемлекеттік награда тағайындадым. Ал еңбектегі табысы үшін берілетін «Еңбек Даңқы» орденінің мәртебесін көтеру жөнінде шешім қабылдадым, – дейді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь