Президент ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Үкіметке бес күн берді

0
259

Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес мәселелері бойынша селекторлық отырысында Мемлекет басшысы ауыр жағдайда жатқан науқастардың көбеюуіне байланысты ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесі алға шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекеттік органдардың тарапынан үйлестіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен, халық бұл мәселені өз бетімен шешуге талпынуда. Бұл ешқандай қисынға сай келмейді! Азаматтар өндірістік баллондарға құйылған оттегі сатып алып жатыр. Бұл – ауруханалардың тікелей міндеті. Жеке үйлер мен пәтерлерде өндірістік баллондардағы оттегіні пайдалану деректері анықталған. Үкімет пен әкімдер бес күн ішінде ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету және үй жағдайында оттегі баллондарын пайдалану проблемаларын шешуі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь