Праймериз үміткерлері марапатталды

0
364

Бүгін елімізде алғаш рет өткізілген партияішілік сайлау-праймериге ауданнан қатысқан үміткерлерге партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, еліміздегі «Nur Otan» партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бірінші жалпыұлттық праймериз мәресіне жетті. Оған біздің ауданымыздан 79 үміткер қатысып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған өздерінің бағдарламаларымен таныстырып, бір-бірімен пікірсайысқа түскен болатын.

Бүгін осы сайысқа қатысып, партияішілік сайлауда бастамашылдық пен белсенділік танытқан қарасайлық үміткерлер ресми түрде марапатталды. Нақтырақ айтқанда, аудандық Мәдениет үйінде өткен жиында аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев барлық үміткерлерге «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан Алғыс хат табыстап, праймеризге қатысып, белсенділік танытқан барлық үміткерлерге өз ризашылығын білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь