Полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты

0
1518

Қазір еліміз бойынша «Мен және менің полицейім» атты республикалық акция ұйымдастырылып, оқушылар тәртіп сақшыларының жұмысымен танысуда. Мұндай іс-шара бүгін аудандық ішкі істер басқармасында да өтіп, оған ауданымыздың оннан астам мектептердің тәлімгерлері қатысты.

Жалпы бұл акцияның негізгі мақсаты – білім ұясының табалдырығын аттап үлгермеген балалар мен бастауыш сынып оқушыларын полиция жұмысымен таныстыру, сондай-ақ, оларға көшеде, қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керектігін және бөтен адамдармен қалай сөйлесу қажет екенін үйрету. Бұдан бөлек балаларға тәртіп сақшыларына сенім білдіріп, оларды өздеріне дос әрі қорғаны санауға жағдай жасау болатын. Басқарма мекесінің алдында жиналған жастарды ювеналды полиция тобының аға инспекторы Айдос Садықов қарсы алып, балаларды ең алдымен тәртіп сақшыларының арнайы жасақталған көлігінің құрылысымен таныстырды. Мұнан соң полиция қызметкерлерінің киім жабдығына да тоқталып, қолданатын құралдары жайлы айтып берді. Келесі кезекте оқушылар криминалисттер кабинетіне де бет бұрып, қылмыстық істі қалай әшкерелеу жұмыстарын бақылады. Ондағы құрал-жабдықтарға қызыққан мектеп тәлімгерлері өз сұрақтарын да қойып жатты. Бұл жерден шыққаннан кейін Айдос Рахымжанұлы балаларды азаматтығы тіркелмеген, құжаттары жоқ, заңсыз жүрген шетел азаматтарын уақытша ұстайтын тергеу изоляторына алып барып, таныстырды. Мұнда жастарға полиция аға лейтенанты Бауыржан Сапақов толық ақпарат беріп, ішіндегі уақытша ұстау камераларын көрсетті. Оның айтуынша жыл басынан бері 62 азамат ұсталып, осы жерге түскен екен. Ішкі істер басқармасының жұмысымен танысу мұнымен ғана шектелмей, онымен қоса Қаскелең қаласындағы Сәтпаев орта мектебінде де акция аясында семинар өтті. Ювеналды полиция қызметкерлері ұйымдастырған басқосуда «Шанс» психологиялық көмек көрсету орталығының директоры Шайзат Букаева, аталмыш мектептің директоры Қорлан Тұрсынова сөз сөйлеп, жастарға ақыл-кеңестерін берді. Іс-шара барысында ювеналды полиция тобының аға инспекторы Айдос Садықов аудан мектептерінің ішінде өздерімен бірге кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу профилактикалық жұмыстарында серіктестік жасап, белсенділік танытқан мұғалімдерді марапаттады. Ал семинар соңында оқушылардың назарына балалар колониясы жайлы бейнесюжет көрсетілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь