Полиция қызметкерлері адамдарды тоқтатып, көшеде неге жүргенін сұрайтын болады

0
435

Онлайн бирифгте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев енді Полиция қызметкерлері карантиндегі қалалардың көшелерінде жүрген азаматтарды тоқтатып, олардың қайдан келгенін, қалада не істеп жүргенін сұрауға құқылы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

– Көшеге шыққан азаматтар полиция қызметкерлерінің өздерін тоқтатып, сұрақ-жауап алатындығына дайын болуы керек. Сондықтан кез келген азаматтың басшының немесе кадр бөлімінің қызметкерінің жанында телефон нөмірі болған жөн. Бұл олардың ол адамның жұмысқа шыққанын растауы үшін керек, – деді Абаев.

Министр түн ортасынан бастап үйден шығуға қатаң шектеулер қолданыла бастағанын еске салды. Тек, тамақ, дәрі сатып алуға немесе жұмысқа баруға ғана рұқсат етіледі.

– Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар үйлерге жақын орналасқан, сондықтан полиция қызметкерлері азаматтың дәрі-дәрмек немесе азық-түлік сатып алып, содан кейін үйге беттегенін бақылауға құқылы, – деді министр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь