Патрульдік полиция күшейтілген тәртіпке көшірілді

0
75

Алматы облысындағы автожолдарда «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – жол-көлік апаттарының алдын алу, оның қайғылы салдарын болдырмау және жол жүру ережесін бұзуға жол бермеу.

– Қазіргі уақытта патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруға көшірілді. Полиция нарядтарының саны артып, жолдарға, елді мекендерге және көше қиылыстарына баса назар аударылуда. Олардың міндеті мен жұмыс әдісі нақтыланды. Полиция қызметкерлері автопатрульдеуді, жаяу патрульдеуді, сондай-ақ, жол қозғалысына қатысушыларды қадағалауды жүзеге асырады, – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Рейдтік шаралар барысында жол жүру ережесін бұзудың деректері анықталады және алдын алу шаралары қабылданады. Оның ішінде қарапайым қателіктен бастап, көлікті мас күйде басқару, жолдық қарсы бағытына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, қозғалыс барысында телефонды пайдалану, апаттық жағдайдағы көліктермен жүру сияқты заңды өрескел бұзу деректері де әшкереленеді.

Жол қозғалысын жіті бақылауға бағытталған арнайы шара 12 ақпанда басталып, үш күнге жалғасатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь