Воскресенье, 25 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Патриот оқушының үлкен жеңісі
21:18, 18 октября 2017

Патриот оқушының үлкен жеңісі


Жетісу жерінің барлық аудандары мен қалаларындағы орта мектептерде «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубтары құрылып, жасөспірімдерге жемқорлық, парақорлық сынды жағымсыз әдеттердің зиянын ұғындыруға кірісуде. Осы клубтарының құрылғанына бір жыл толуына орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жуырда Талдықорған қаласында облыстық слет өткізді. Алғаш рет өткізіліп отырған слетке Жетісу жерінің 16 ауданы мен 3 қаласынан 200-ден астам оқушы қатысып, көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Осы жарыста Қарасай ауданындағы Шалқар ауылының орта мектебінде оқитын оқушы, аталмыш оқу орнындағы «Алаш» тобының мүшесі А.Дәуренова барлығынан озат шығып, «Елжанды патриотпын» медалімен марапатталып, «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама берілді. Бұдан бөлек, олардың «Алаш» тобы «Білімді клуб» номинациясы бойынша жүлделі орынды да иемденіп қайтты.

Жалпы, бұл слеттің мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу және көріністерін барынша азайту еді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района