Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Партия филиалындағы жаңа тағайындау - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 16 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Партия филиалындағы жаңа тағайындау
0:52, 13 июля 2017

Партия филиалындағы жаңа тағайындау


Бүгін аудандық әкімдікте Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы партия активінің отырысы өтіп, ондағы күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе бойынша, аталған филиал төрағасының бірінші орынбасары жаңадан тағайындалды.

Саяси Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан актив жұмысын аудан әкімі Махаббат Бигелдиев ашып, жүргізіп отырды.

Алдымен, осы жиынға арнайы келген, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаеваға сөз берілді. Өңір орталығынан келген өкіл әуелі Елбасының 5 институционалдық реформасында көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру және әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында межеленген тапсырмаларды орындау негізінде елімізде сапалы кадрлық резерв жасақтауға жеткілікті көңіл бөлінетіні туралы, мемлекетіміздің дамуына бас партия мүшелері – нұротандықтардың қосатын үлесі жайлы, республика көлемінде ізгілікке ұйытқы болып келе жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы хақында жан-жақты әңгімеледі.

Өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған, алдыңғы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Төлегеннің де жақсы жұмысы жайында сөз қозғап, ауданымыздағы 12 ірі бастауыш партия ұйымының ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген Елтай және Үшқоңыр ұйымдарына ерекше тоқталып өтті. Партия мүшелері 8890-ға өскенін, мүшелік жарналар уақытылы әрі толық ұйымдастырылатынын да тілге тиек етті.

Мұнан кейін, облыс әкімінің, аудан басшысының ұсынысымен, «Нұр Отан» партиясы орталық комитетінің мақұлдауымен, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Ықылас Еркінұлы Амалбековты таныстырды. Ол 1986 жылы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келіп, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетіне қаржы мамандығы бойынша бітірген екен. Еңбек жолын 2008 жылы Қөкқайнар шаруа қожалығының басшысы болып бастап, мемлекеттік қызмет саласында мол тәжірибе жинақтаған. 2015 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Жамбыл аудандық филиалының директоры болған. 

Гүлнар Қожағұлқызы сөзінің соңында, өзі жас болса да, бас болған білікті азаматтың әрі қарай да жақсы жұмыс істеп, ел игілігі үшін тер төгетініне сенім білдірді.

Қатысып отырғандар тарапынан ортаға шыққан аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Мәсімақынов пен аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Қыдыралиев те өз кезектерінде жауапты лауазымға жаңа тағайындалған жігітке ағалық ақыл-кеңестерін айтып, ақ баталарын берді. Ал, Ықылас Еркінұлының өзі артылған үлкен сенім қашанда мол жауапкершілік жүктейтінін алға тартып, үкіленген үміт үдесінен шығатынына сендірді.

Партия активінің отырысын аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Махаббат Садуақасұлы қорытындылады. Соңынан жиналғандар түгелдей партия филиалының кеңсесіне барып, Ы.Амалбековты жұмыс орнына салтанатты жағдайда отырғызды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района