Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Париждегі байқаудан жүлделі оралды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 23 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Париждегі байқаудан жүлделі оралды
15:46, 04 апреля 2019

Париждегі байқаудан жүлделі оралды


Париж төрінде ән салған ауданымыздың  жас таланттары жүлделі оралды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Олар  ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласындағы «Атамұра» балабақшасының тәрбиленушілері Даниелла Хе мен Мерует Қодас.  Жас өрендер «Салют талантов» шығармашылық орталығы  биыл осымен 28-інші рет ұйымдастырған  «Париж, я тебя люблю!» атты халықаралық жарыста өз бақтарын сынады. Нәтижесі де жаман емес, әр елден жиналған 400 өнерпаздың ішінен Даниелла мен Меруерт екеуі де жүлделі бірінші орынды иеленді. Байқауда Даниелла «Бибика», Меруерт Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін орындады. Сондай-ақ, күз айында Санкт-Петербург қаласында өтетін суперфиналға жолдама алды.

Бүлдіршіндер аудан орталығы Қаскелең қаласында екі жыл бұрын ашылған «Соло стар» балаларға арналған өнер студиясының тәлімгерлері. Париждегі жарысқа бұл өнер орталығынан он адам барған.  Олардың барлығына  вокал бойынша дәрісті қырық жылға жуық тәжірибесі бар ұстаз әрі осы орталықтың жетекшісі, ҚР «Білім беру саласының үздігі» Қыдырбек Малибеков жүргізеді. Қазіргі таңда,  Қыдырбек Әкімжанұлы басшылық ететін студияда 20-дан аса бала ән өнерін қыр-сырын меңгеріп жүр. Еліміздің атын әлемге танытқан өнерлі өрендер ауданымыздың да мақтанышы болған  Меруерт пен Даниелла алдағы  байрақты бәсекелерде әрдайым жеңімпаз атанып, әрі қарай шыңдала беруіне тілектеспіз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района