Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 16 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы
21:26, 28 апреля 2017

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы


Кеше аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында 50-ге жуық жастардың қатысуымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты республикалық форум болды. Жиын аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаеваның төрағалығымен өтіп, бүгінгі күні еліміздегі өзекті мәселелердің бірі болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайы талқыланды.

Жиын барысында заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Асқар Мұқашев пен аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі Әсел Қабылбекова аталмыш мәселе бойынша баяндама оқып, қоғамдық дерттің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні жайында мол ақпарат берді. Сонымен қатар, жастар да көкейіндегі сұрақтарын қойып, парақорлыққа қатысты өмірде орын алуы мүмкін түрлі жағдайлардан шығуға болатын жолдарды бірге қарастырды.

Іс-шара соңында қатысушылардың барлығы әкімдіктің жанындағы алаңға шығып, айқын және жарқын болашақты армандайтындықтарын айтып, шарларды аспанға ұшыру флешмобын өткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района