Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы рухани кездесу - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 25 мая 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы рухани кездесу
17:57, 15 мая 2019

«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы рухани кездесу


15 мамыр – Халықаралық отбасы күні орай, «Анаға құрмет» музейінде отбасы құндылықтары жайлы жас ұрпақ пен қадірлі қариялар арасында ашық әңгіме болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Отбасының береке-бірлігі жарасып, бақытты ғұмыр кешу жолында өзгелер қызыға да, қызғана қарайтындай қадамдар жасауы, ол – көпшілік үшін насихаты жоғары үлгі деп білеміз. Сол себепті отбасы – шағын мемлекет атануы да тектен-тек емес екені белгілі. 1994 жылы 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні болып бекітіліп, түрлі мемлекеттерде қоғамның назары отбасыларға аударыла бастаған. Содан бері атаулы мейрам жыл сайын дәстүрінен жаңылмай аталып өтілуде.

Бүгін осы отбасы мерекесіне орай, ауданымызда орналасқан «Анаға құрмет» музейінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел үстінде келелі ойлар айтылып, жас ұрпаққа тәрбиелік кеңестер ортаға салынды. Ал, осындай ашық әңгіменің өрбуіне аталмыш музейдің ғылыми кеңесшісі Аршагүл Тойбаева өзі жетекшілік етіп отырды. Отбасын құндылықтарының маңызын түсіндіріп, оны Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен сабақтастыра байланыстыру мақстанда ұйымдастырылған рухани басқосуға құрметті қонақтар да шақырылды.

Олардың қатарында мерейлі отбасы қандай болуды дәріптеп жүретін  Өтебаевтар отбасының қазыналы қариясы атанған Орынбек ақсақал мен Тұмар әжеміз, этно-дизайнер Анаркүл Нұрботанова және  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ділдә Ұланқызы болды. Сондай-ақ, мәртебелі меймандардың арасында жақында ғана шаңырақ көтерген ерлі-зайыпты Бауыржан мен Салтанат және Ушинский атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушылары болды.

Рухани кездесу барысында дәстүрлі әнші Нұржан Тыныбектің орындауында бірнеше әндер орындалып, отасқандарына 55 жыл толған Орынбек ата мен Тұмар әже өз өмірлерінен сыр шертті. Қарияларымыз атаулы мереке күнінің маңыздылығын айтып, жас жанұяға даналық ізгі-тілектерін білдірді. Ал, «Анаға құрмет» музейінің меңгеруші міндетін атқарушы Жанат Мұхтар құтты қонақтарға алғысын жеткізіп, орталықтың атқарып жатқан бірқатар игі шараларын да айтып өтті.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района