Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Отандық жұлдызар халыққа қызмет көрсету орталығында - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 16 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Отандық жұлдызар халыққа қызмет көрсету орталығында
20:58, 24 августа 2018

Отандық жұлдызар халыққа қызмет көрсету орталығында


Бүгін ауданымыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығында «Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні» атты іс-шара ұйымдастырылып, онда аталмыш мекеменің мамандарының орнына қазақ эстрада жұлдыздары тұрғындарға қызмет көрсетті. Мемлекеттік маман ретінде әнші, композитор Марат Омаров пен «Алашұлы» тобының әншісі Әзімбек Байлин азаматтарға жан-жақты кеңес беріп, өздерінің бағыттарынан бөлек, қоғамдық ортада қалай жұмыс жасай алытындарын  іспен дәлелдеді. Тіпті, осында қызмет етіп жүрген отандық әртістердің бірі электрондық талондар таратумен айналысса, екіншісі – ақпаратттық анықтама алуға көмек көрсетті. Одан бөлек, халық үшін тиімді қызметтер қатарын түсіндіріп те өтті. Мысалыға, ХҚО-ға келмей-ақ электрондық үкімет порталы арқылы онлайн ақпарат алуды, цифрлық қызметтің артықшылығы жайлы және телефон арқылы кез-келген уақытта кеңес алу сияқты бірнеше пайдалы қызметтерді жіктеп айтып берді.

Ал, қаскелеңдіктер жұлдыздардың жасаған жұмыстарына жақсы баға беріп, алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар, «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» деп шырқайтын Марат Омаров пен «Алашұлы» сияқты патриот топтың әншісі Әзімбек Байлин екеуімен естелік суретке түсіп, қолтаңбаларын алып жатты.

Жалпы, аталған іс-шара басқа да қала, ауылдардың Халыққа қызмет орталықтарында жүргізілуде. Мәселен, Ақмола облысындағы Малиновка ауылының фронт-офистерінде продюсер – Қыдырәлі Болманов, тележүргізуші – Ғани Жапишев және Құрмаш Маханов, Шахаризат Сейдахметов сынды әнші азаматтар тұрғындарға мемлекеттік қызметпен көмек беруде. Ал, Алматы қаласына қарасты Медеу аудандық орталық кеңседе әнші – Айжан Нұрмағанбетова мен «Жігіттер» тобының белді мүшесі Мырзахан Маханов белсенді жұмыс жасауда.

Осылайша, елімізге танымал азаматтар мен азаматшалар сахнаны қоғамдық қызмет орнымен алмастырып, халықпен барынша жақын араласуда.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района