Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Осы аптаның сейсенбі күні аудан әкімі Махаббат Бигелдиев ауданымыздағы жаңадан салынып жатқан білім ошақтарының құрылыс алаңында болды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Осы аптаның сейсенбі күні аудан әкімі Махаббат Бигелдиев ауданымыздағы жаңадан салынып жатқан білім ошақтарының құрылыс алаңында болды
23:22, 09 августа 2017

Осы аптаның сейсенбі күні аудан әкімі Махаббат Бигелдиев ауданымыздағы жаңадан салынып жатқан білім ошақтарының құрылыс алаңында болды


Осы аптаның сейсенбі күні аудан әкімі Махаббат Бигелдиев ауданымыздағы жаңадан салынып жатқан білім ошақтарының құрылыс алаңында болды. Ең алдымен Райымбек округіне қарасты Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінің жапсаржайына келген аудан басшысы жүргізіліп жатқан құрылыстың сапасына барынша мән беріп, жаңа оқу жылына қалай дайын болатынына баса назар аударды. Бұдан бөлек, Абай және Кемертоған ауылындарындағы оқушылар да биыл жаңа мектепте оқитын болады. Бұл салынып жатқан оқу нысандарының құрылыс жобасы бірдей. 1200 оқушыға арналған екі мектептің де сапасы көз қуантарлық. Ал, Шалқар, Береке, Исаев ауылдарындағы 600 орынға арналған мектептердің құрылысы қызу жүруде. Басты мақсат – білім ордаларын уақтылы, мерзімінде беру. Бірақ, олардың жағдайымен жете танысқан аудан әкімі ішкі әрлеу, тазалау жұмыстарына және мерзімінде үлгеріп тапсыруға байланысты сынын айтты. Оларды тездетіп түзету қажеттігін, мемлекет беріп отырған қаржыны халықтың игілігіне тиімді жұмсау керектігін жеткізді. Мұнан кейін Махаббат Садуақасұлы Жамбыл және Көлащы ауылдарындағы 600 орындық мектептің құрылысымен де танысып, ортақ істің алға басуына өз септігін тигізіп, қолдау жасайтынын алға тарты. Оқушылардың жаңа оқу жылына уақтылы білім ұясына баруы өзінің тікелей назарында болатынын атап айтты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района