Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.ҚОЛТАҢБАСЫ ҚОМАҚТЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
ҚОЛТАҢБАСЫ  ҚОМАҚТЫ  ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР
12:39, 09 августа 2019

ҚОЛТАҢБАСЫ ҚОМАҚТЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР


Құрылысшылардың кәсіби мерекесі ауданымызда да өз деңгейінде аталып өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жауапты міндеті бар, әлем бойынша негізгі мамандықтардың бірі құрылысшы екені рас. Қазір айналамызда құрылысшылардың қолтаңбасы қалмаған ғимараттар мен сән салтанаты келіскен нысандар жоқ шығар. Ал, мұндай саланы игерген азаматтардың айтулы күні болуы заңдылық. Жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде аталып өтілетін кәсіби мерекені аудан әкімі Жандарбек Далабаев биыл да ұмыт қалдырған жоқ. Дәстүрлі түрде ерекше өтетін мерекеге орай, аудан басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, аймақтың сәулетіне аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға ізгі ықыласын білдірді.

Салтанатты құттықтау барысында Жандарбек Ермекұлы ауданның құрылыс саласына белсене атсалысып, тұрғын үй мен әлеуметтік бағыттағы нысандардың бой көтеруіне біліктілік іскерлігін танытып жүрген азаматтарға «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Мұндай маңызы бар, абыройлы марапат иегерлерінің қатарында Аманжол Шормаков, Батырхан Тоқтаев, Виталий Гринченко сынды құрылыс саласында сан жылдар еңбек еткендер болды. Сондай-ақ, аудан басшысы өз атынан жалпы ауданымыздың көрікті келбетіне бір кісідей белсенділігін танытып, құрылыс жұмысын жандандырып жүрген бірқатар еңбек сүйгіш аудан азаматтарына «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттар» табыстады. Құттықтау барысында Жандарбек Ермекұлы білім, жол, мәдениет және тағы басқа салаларда құрылыстың қарқыны, жақсы жүріп жатқанын және қазыналы Қарасай жерінің 90 жылдығына орай ауқымды жұмыстардың да жауапты атқарылып жатқанын айтып, осындай игілікті істердің басы-қасында жүретін құрылысшыларға ерекше ықыласын білдірді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района