Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қолдаймыз,  қоштаймыз - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 16 июля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қолдаймыз,  қоштаймыз
15:45, 09 апреля 2019

Қолдаймыз,  қоштаймыз


Міне, республика халқы біраздан бері күтіп отырған мәнді мәселенің түйіні шешілді. Яғни, елімізде Президент сайлауы белгіленіп, оның өтетін күні де айқындалды.

Атап айтқанда, қазір мемлекетті басқарып отырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын өткізу жөнінде қажетті шешім қабылдап, ол жайында қазақстандықтарға мәлімдеме жасауы көңілімізді жайландырады.

Біз осы орайда ол келтірген дәйектемелерді толық түсінеміз, сондықтан да қолдаймыз, қоштаймыз. Өйткені,  бүгіннің де, ертеңнің де қамын ойлап, оның жақсы болуын ойлайтын  халық биліктің тұрақтылығын да  алдыңғы кезекке қояды. Ал, бұл ретте мемлекетіміздің уақытша емес, тұрақты президенті болуы тиіс.

Дәл осы мәселе бүгінде барынша қажеттіліктен туындап отырғанын да атап айтуға тиіспіз. Ар жағында ұлттық мүдде жатқанын да ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, аталған жай қазақстандықтардың көкейіндегі сан сауалға да нүкте қоятыны даусыз. Ендеше, егемен елімізді сайлау арқылы халық таңдаған президенттің басқарғаны дұрыс!

Қазіргі кезде облысымызда,  ауданымызда халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған  бөлігіне, көп балалы аналардың жағдайына көп көңіл  бөлініп, бұл ретте нақты жұмыстар атқарылуда. Осындай көмек, қамқорлық арқылы елдің тұрмыс-тіршілігі, өңірдің демографиялық  жағдайы бұрынғыдан да жақсара түсетін болады.

Түйіндей айтсақ, Қ. Тоқаевтың президент сайлауын өткізу туралы шешімін өте дұрыс деп есептейміз !

Елтай ХАСЕНОВ,

Ұмтыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района