Қолөнер шеберлігін үйрететін мәдени шара өтті

0
1904

Көктемнің алғашқы күні ауданда тағы бір тамаша мәдени шараның ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бой көтергеніне бес жыл толып отырған «Анаға құрмет» музейі ауданның 90 жылдық мерейтойына орай «Ұлы дала мұрасы» атты бес күнге созылатын көрме ұйымдастырыпты. Оның алғашқы күні қазақ қолөнерін дүниежүзіне танытып жүрген, атақты этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада арнайы келіп көрме аяқталғанша өзінің тамаша өнерінің қыр-сырымен бөлісіп, арнайы сертификаттары табысталатын тегін шебер сабақтар өткізумен қатар көптеген сыйлықтар ұсынбақ ниетте екен.

Алдымен концерттік бағдарламамен басталған жиының алғы сөзін  аудан әкімінің орынбасары Күлжан Әділханова сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Атаулы бастаманың маңыздылығын тілге тиек еткен ыстық ықыластар ретін     аталмыш мәдени орданың негізін қалаушы Бақыт Шпекбаева жалғап, еліміздегі қолөнердің дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге тілектестігін білдірді.  Мұнан кейін, әсем әуен, күмбірлеген күй, мың бұралған бидің көрінісіне шабыттана қараған тігін өнерін үйренуге ниетті қыз-келіншектер музей жанында орналасқан қазақ үйге  асықты. Ол жерде Ырза Тұрсынзада жиналған 110-ға жуық әйелдерге тігу техникасын үйретін шебер сабақ барысында айқындай айтып, тәжірибе жүзінде көрсетті. Мерекелі басқосудың соңы музей қызметкерлерінің дайындаған ақ дастарханындағы көжеден дәм татумен аяқталды. Мұндай мәдени шаралар легі алдағы бес күнде де жалғаса беретін болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь