Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Облыстың  үздік  дәрігері  атанды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 22 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Облыстың  үздік  дәрігері  атанды
10:41, 15 июня 2018

Облыстың  үздік  дәрігері  атанды


Осы жексенбіде, яғни, 17 маусымда егемен елімізде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді.

Аталған мерейлі мерекеге орай, жылдағы дәстүр бойынша, кеше ғана облыс орталығы – Талдықорған қаласында өңірдің алдыңғы қатарлы ақ желеңді абзал жандарын ардақтап, құрмет көрсетуге арналған жиын өткізілді.

Облыстағы медицина қызметкерлері арасындағы биылғы байқау біздің ауданымыз үшін өте жемісті, тамаша табысты болды деуіміз керек.

Атап айтқанда, ауданымыздың орталық ауруханасы жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-анестезиолог Дамиля Болатқызы Қылышпаева «Облыстың үздік дәрігері» атанып, осы номинация бойынша берілетін 1 млн. теңгенің сертификатына ие болды.

Сонымен қатар, тағы бір жерлесіміз, аудандық орталық аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі Алтай Кенжеәліұлы Достияров Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталып, мәртебе, мерейі өсті.

Жүлделерді иелеріне облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар салтанатты түрде тапсырып, ізгі тілегін білдірді.

Алып Алатау баурайындағы құт қонып, қасиет дарыған Қарасай ауданының абыройын арттырып, атағын шығарған осындай денсаулық сақшыларын жерлестері әрдайым мақтан етеді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района