Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы тағайындалды

0
423

Алматы облысы әкімінің өкімімен Болат Бақбергенұлы Керімбек облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы zhetysupress парақшасына сілтеме жасап.

1982 жылы туған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тарих құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасын «Саяси институттар, процестер мен технологиялар» бағыты бойынша, «Болашақ» бағдарламасымен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі» бағыты бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Отан» партиясының Талдықорған қалалық өкілдігінде сектор меңгерушісі ретінде бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» ММ-да ғылыми қызметкер, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, консультанты болды.

2019 жылдың қыркүйегінен – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь