Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Облыс прокурорының орынбасары қабылдау жүргізуде - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 24 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Облыс прокурорының орынбасары қабылдау жүргізуде
11:05, 06 сентября 2017

Облыс прокурорының орынбасары қабылдау жүргізуде


Алматы облысы прокурорының орынбасары Марат Абдрахманов пен облыстық ІІД-і бастығының орынбасары Болат Теңізбаев Қарасай ауданының тұрғындарын сотқа дейінгі тергеу амалдарының орындалуына қатысты арыз-шағымдары бойынша қабылдады.

Аудандық ішкі істер басқармасының мәжіліс залында өткен шараға алғашқы күні бес адам келіп, құзырлы орган өкілдеріне түрлі жағдай негізінде қозғалған қылмыстық істердің ашылмай, созылып кетуіне наразылықтарын жеткізді. Әр қайсысын жеке-жеке тыңдап, мәселенің байыбына барған шенді азаматтар олардың алдағы уақытта тікелей бақылауда болатындығын айтып, жауапты қызметкерлерге бірқатар тапсырмалар да жүктеді.

  • Жалпы, прокурорлар мұндай қабылдауларды әр тоқсан сайын жүргізіп отырады. Ал, бұл облыстық Ішкі істер департаменті басшылығының тікелей қатысуымен, қылмыстық істердің созбалаңға айналмауына айтарлықтай ықпал етеу мақсатында ұйымдастырылып отырған алғашқы шара. Біз мұнда аптаның соңына дейін боламыз. Сондықтан, егер сотқа дейінгі тергеу амалдарына қатысты қандай да бір сауалдары бар тұлғалар үшін, Талдықорғанға жол жүріп, қаражаты мен уақытын шығындамай, арыз-шағымын құзырлы орган өкілдерінің назарына ұсынуға бұл таптырмас мүмкіндік, — дейді Алматы облыстық прокурорының орынбасары Марат Абдрахманов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Қарасай ауданында бастау алып отырған мұндай қабылдау әрі қарай Іле, Жамбыл, сол сияқты облыстың өзге де аудандарында жалғасын табатын болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района