Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Облыс әкімі оң бағасын берді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 23 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Облыс әкімі оң бағасын берді
10:33, 12 мая 2017

Облыс әкімі оң бағасын берді


Жетісу жеріне қарасты барлық аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму барысын бағамдауға бағытталған жұмыс сапарын бастап кеткен облыс әкімі Амандық Баталов кеше қазыналы Қарасай жеріне ат басын тіреді. Өңір басшысымен бірге еріп келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов бастаған тиісті мекеме басшыларын аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы өз жұмыс командасымен қарсы алды.

Алдымен Амандық Ғаббасұлы Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Мерей ауылына барды. Осы ауылда жұмыртқа өндірумен айналысатын «Alsad Kazakhstan» ЖШС бар. Құс фабрикасы, толығымен автоматтандырылған, балапандарға арналған 4 және жұмыртқалайтын тауықтарға арналған 12 бөліктерден тұрады. 2012 жылы негізі қаланған өндіріс орны қазір қуаттылығын екі есеге ұлғайтып, жылына 165 млн. жұмыртқа шығару мүмкіндігіне ие. Мұнда 260 адам еңбек етуде. Облыс әкімі іс барысын түгелдей фабрика басшысы Дияр Медеубековтың өз аузынан естіп, әсіресе, осыдан төрт жыл бұрын «Жыл таңдауы – 2013» байқауының жүлдегері атанған мекеменің қарқыны қатайып, тауарларының алыс-жақын шетелдерге импортталып, қазақстандық өндірістің өрісін арттырып жүргеніне ризашылығын білдірді.

Мұнан кейін, жұмыс тобы Елтай ауылындағы «Алматинский продукт» ЖШС-де болды. Бұл көпсалалы кондитерлік фабриканың жоспарлы қуаттылығы жылына 13 мың тонна дайын өнім өндіру. Былтыр осында 2,5 млрд. теңгенің тәттілері шығарылған. Жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілген фабрикада қазір печенье, карамель, құрғақ таңғы ас және тағы да басқа тәтті-дәмділердің 250-ден астам түрі  дайындалады. 1000-ға жуық адам еңбек ететін мекеме жыл сайын «Жол картасы — 2020» және «Өнімділік — 2020» мемлекеттік бағдарламалары аясындағы бизнесті қолдау мүмкіндіктеріне ие болып келеді. Амандық Ғаббасұлы мұндағы іс барысына да жақсы бағасын беріп, әсіресе, Қазақстандағы түрлі қалалардың атауымен шығатын кәмпиттерге ыстық ықылас білдірді. Яғни, қазірдің өзінде Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Талдықорған сияқты тағы да басқа көптеген шаһарлардың атын айдар қылған тәттілер өзге елдерде мемлекетіміздегі отандық өндірістің қанат жайғанын айқындап жүр. Жақында Қазақстанда теңдесі жоқ тағы бір цехты іске қосуды жоспарлап отырғандығын мәлімдеген ЖШС бас директоры Азиз Алимкуловқа облыс әкімі болашақта бұл жаққа Үлкен Алматы айналма жолы түсетінін, заводтың жақсы индустриялық аймаққа орналасқанын алға тартып, ұтымды мақсат-міндеттерді басшылыққа алып, жұмыстарды жандандыра беру қажеттігін айтты.

Өңір басшысының ауданымыздағы жұмыс сапары Жармұхамбет ауылында орналасқан шыны шығаратын зауытта түйінделді. Мұнда келген қонақтарды қарсы алған өндіріс орнының бас директоры Азим Абдуллаев зауытты түгел аралатып, инвестиция тарту арқылы іске қосылған, жобалық құны 11 млрд. теңгені құрайтын, бәсекеге қабілетті, болашағы зор кәсіпорынның жай-жапсарымен таныстырды. Мұнда өнімнің сапасын бақылау жүйесі іске қосылғандықтан, зауыт өз тауарының әлемдік сапа эталонына сәйкес келетініне кепіл береді, сонымен қатар, түрлі пішіндегі, тіпті, эксклюзивті бөтелкелер шығаруға тапсырыс ала алады. Алайда, қазіргі таңда 460 жергілікті тұрғынды еңбекпен қамтып отырған зауыттың жұмысына тосқауыл болып отырған біраз кедергілер де бар болып шықты. Олар негізінен, электр энергиясының әлсіздігіне және кәріз жүйесіне қатысты екен. Мән-жайға қаныққан облыс әкімі олардың басты назарға алынатынын, мұндай ерекше іске ден қойып, отандық өндіріске өзіндік үлес қосып жатқан нысандарға барынша көңіл бөлінетіндігін жеткізді.

Соңында, БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында, Амандық Ғаббасұлы жұмыс сапарына негізінен көңілі толғандығын айтты. Қарасай ауданы облыс бюджетіне айтарлықтай қор беріп отырған, жыл санап әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өсіп, дамып келе жатқан аудандардың бірі. Осы нысандарды аралап көріп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысу барысында жергілікті атқарушы органдардың шағын және орта бизнес саласы өкілдерімен жан-жақты әрі жақсы байланысын көріп, риза болғанын әңгіме арқауына айналдырған өңір басшысы атқарылып жатқан істерге оң бағасын беріп, алда да осы қарқыннан танбай, Елбасы айтқандай, кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіп, инвесторлар тарту қажеттігін алға тартты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района