Облыс бойынша білім нысандарындағы құрылыс  жұмыстары басталды

0
402

Ағымдағы  жылы Алматы облысында 32 білім беру мекемелерінің ғимараттарын  салу және ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс жұмыстары басталатын жоғарыда көрсетілген 32-нің   24-і жалпы білім беретін мектеп, біреуі өнер мектебі, төртеуі студенттерге арналған жатақхананың құрылысы және үшеуі балабақша.

Ескі мектептер мәселесін шешу үшін биыл Қарасай ауданы Әйтей ауылында 1200 орындық орта мектеп салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында 80 орындық Панфилов ауданы Аққұдық ауылында 120 орындық орта мектептердің  құрылыстары жалғасуда.  Ал, бейімделген мектептердің проблемаларын шешу үшін 57 мектеп құрылысының 5 жылдық қадамдық жоспары әзірленді. 2019 жылғы жоспарға сәйкес 3 мектептің құрылысы басталды, бұл жұмыстар биыл аяқталады. Облыста 55 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл — 42 мектеп, 5 балабақша, 2 колледж, 1 ОӨК, сондай-ақ 5 мектептің аумағын абаттандыру.  Бұдан басқа, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша 10 объектіге (8 мектеп, 1 балабақша, 1 ОӨК) күрделі жөндеу жүргізілуде

«Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы» аясында Алматы облысында ЖОО мен сегіз колледжге арналған 1718 орындық тоғыз жатақхана салу жоспарланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь