Алматылық жас кәсіпкерлер қоқыстан әдемі әрі жайлы жиһаз жасауды ойлап тауыпты Тіпті,  өнімдерін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Іскер жігіттер пластикалық шөлмектер мен бір реттік ыдыс-аяқтарды қайта өңдейтін құрылғыны да өздері құрастырыпты. Әзірге өнімдер Қазақстан нарығында сатылады. Ал,  келешекте шетелде саудаланатын болады.

Қалдықтар қайтадан кәдеге жарау үшін әуелі уатқыштың көмегімен майдалап алу керек.  Одан құмыралар мен себеттер жасалады.  Сонымен қатар,  ұсақ қиыршықтар балқытылып, жиырма бес түрлі бұйым шығаруға пайдаланылады. «Олардың барлығына сұраныс бар», — дейді шеберхана иелері.   Екі жыл бұрын елімізде мұндай кәсіпорындардың мүлдем жоқ екенін көрген жігіттер осы жобаны қолға алады. Қазақстанда пластикалық қалдықтардың тек 5%-і ғана қайта өңделеді. Осы мәселені байқаған Данияр Бакимов интернеттен станоктарды жасауды зерттейді. Достарымен бірге құрылғыны қолдан құрастырып, цехті іске қосады. Екі айдан соң жоба табыс әкеле бастаған.

Кәсіпкерлер болашақта бұл өндіріске инвесторларды тартпақ. Креативті дизайнерлердің көмегімен бояуы қанық, қайталанбас пішіндегі орындық, үстел, шкаф пен сөрелерді жасағылары келеді. Осылайша, ешкімге керегі жоқ пластик экономикаға қайта оралып, халыққа 10-15 жыл қызмет ететін болады. Олар әр сенбі сайын ашық есік күндерін өткізіп, халық арасында насихаттайды. Қайта өңдеу саласына волонтерлер де ат салысып, пластик қоқыстарды жинауға өз үлестерін қосып жүр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь