Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Оқушылармен кездесу - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 16 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Оқушылармен кездесу
22:27, 27 сентября 2017

Оқушылармен кездесу


Бүгін Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бастамасымен Керімбеков орта мектебінде «Кәмелет жасқа толмағандардың да жауапкершілігі бар» атты іс-шара ұйымдастырылды. Онда, судьялар мен ішкі істер басқармасының қызметкерлері жоғары сынып оқушыларымен жүздесіп, ашық пікір алмасты. Іс-шараның негізгі мақсаты, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтың және қылмыс белгілерінің түрлерімен, міндеттерімен таныстыру болатын. Сонымен қатар, қоғамдық заңдылықтардың нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу еді. 

Жалпы, жиында Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Рабиға Абдолданова, Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Берік Күзембай және Қарасай аудандық прокуратурасының аға прокуроры Рахат Естебек жасөспірімдерге жоғарыда айтылған мәселелердің барлығын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың әкелетін зардабын жан-жақты түсіндірді. Нақтырақ айтқанда, олар оқушыларға дүкендерде темекі мен алкогольдік ішімдіктер сатылмайтыны, жол жүру ережесін бұзу қайғылы жағдайға ұшырататыны, әрбір жауапсыздықпен жасалған шалыс қадам ата-аналарына қиындық туғызатыны, жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі бойынша тәртіп қатаңдатылып, аздаған бұзақылықтың өзі қылмысқа теңелетінін егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар, өз кезектерінде оқушылар да құқық қорғау саласының өкілдеріне сұрақтарын қойып, пікірлерін айтты. Бұдан бөлек, басқосу барысында мектеп оқушылары аталмыш қонақтарға өздерінің дайындаған концерттік бағдарламаларын қойып, білім ұясының «Адал ұрпақ» патриоттық тобына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатын ұйымдастырды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района