Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Оқу жылын мол жетістікпен аяқтады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 28 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Оқу жылын мол жетістікпен аяқтады
20:25, 24 мая 2017

Оқу жылын мол жетістікпен аяқтады


Бүгінгі бәсекелестікке негізделген қоғамда біліммен ғылымның алатын орны ерекше. Осы жаһандану заманында және рухани жаңғыру кезеңінде өскелең ұрпаққа  сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жауапкершілік еселене түсетінін Ы.Алтынсарин мектебінің педагогикалық ұжымы да жақсы түсінеді. Әсіресе, жетістіктерге толы болған мамыр айы игілікті істермен жүйеленген оқу  жылын есте қаларлықтай етіп түйіндеді. Атап айтқанда, мектептің мақтанышы, биология пәнінің мұғалімі Зиборова Наталья Александровна облыстың «Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» Үздік сабақтар фестивалінен 2 орын, информатика пәнінің мұғалімі Жәмеш Лаура облыстық «Үздік информатика» байқауынан 2 орын алса, жас маман, бастауыш сынып мұғалімі Бисенбай Ақмарал «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және жаңартылған оқу бағдарламасы  аясында заманауи сабақтарға қойылатын талаптар» семинарына қатысып сертификат алды. Кіші Ғылыми Академия республикалық  кезеңіне қатысқан Еламанова Майра, Зиборова Наталья, Усанова Ольга, Бисенбаев Жасұлан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы қоры» Қарасай ауданы білім беру қоры дипломымен марапатталды.Республикалық «Олимпиадалық есептерді шешу жолдары мен әдістері» атты семинарына Давлетиарова Зауре қатысып, сертификат иеленсе, халықаралық «Пони» байқауында Ақпанова Гүлшат биіктен көрінді.

Талапты оқушыларда аз емес. Тек биылғы оқу жылында республикалық  қашықтық олимпиадаға 200 оқушы қатысып, диплом алды. «Өнерлі өрге жүзер» демекші, «Тайжарыс» «Талант» республикалық байқауында Даулбай Алтынай бас жүлдеге қол жеткізсе, Бағбай Гүлжайна мен Әбдіқадыр Еркебұлан 1 орын иеленді. Сонымен қатар, осы Алтынай халықаралық ментальді арифметика І қалалық олимпиадасында 3 орын алғанын да айта кеткен жөн. Ал, «Ұлы дала әуендері» республикалық байқауында Анвербекұлы Есдәулетке лауреат атағы берілді. Бұдан бөлек, «Біз бақытты баламыз» республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталған Елубаев Санжар мен Қалиле Ғалымжанға Анталия қаласына 5 күндік демалыс орнына жолдама тапсырылды. Сондай-ақ, олардың ұстаздары Утарова Арманай және Джабаева Камилаға «Ыстық көл» демалыс шипажайына 3 күндік жолдама берілді.

Осындай үлгілі мұғалімдері мен үздік оқушыларын мектеп ұжымы мақтан тұтады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района