«Nur Otan» партиясының аудандық штабы білім саласының қызметкерлерімен кездесті

0
543

«Nur Otan» партиясы ұсынған үміткердің аудандағы штабы бүгін орталық кітапханада білім саласының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері, оның үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен толықтай таныстырды. Жиынды ашқан аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Ақшолпан Марат кандидатты қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары басталғанын айта келе, «BIRGE» жалпыұлттық акциясының маңыздылығына тоқталды.  Яғни, акция аясында жазып қалдырылған ұсыныс-тілектер арнайы жәшікке жинақталып, аймақттық штабтың қоғамдық бөлмесінде зерделеніп, шешімін табатын болады.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, әлемдік қауымдастыққа кеңінен танымал қоғам қайраткері Қасым-Жомарт Кемелұлының өмірбаянымен таныстыру үшін келесі сөз кезегі партия ардагері, штаб мүшесі Ақылия Бекбаева берілді. Ал, «Rakhym» оңалту және дамыту орталығының директоры, штаб мүшесі Ұлтуған Бархинова үміткердің тұғырнамасындағы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын жеделдетіп көтеру, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, педагогтар мен тәрбиешілердің мәртебесіп өсіріп, жүктемелерін азайту,  еліміздегі барлық өңіріндегі балаларды сапалы біліммен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған жүйелі жұмыстары жөнінде сөз етті. Өз кезегінде, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі міндеттерді іске асыруға үлес қосуға және «Nur Otan» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға шақырды.  Сайлауалды бағдарламамен танысқан білім саласының қызметкерлері алда тұрған жауапты кезеңде ұйымшылдықпен қатысып, дұрыс таңдау жасайтындықтарын айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь