»Nur Otan» партиясының аудандағы қоғамдық штабы кәсіпорындарда

0
462

Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмыстары бүгін   қос кәсіпорында жалғасын тапты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Qazaqstan Kagazy Recycling » мен   «Алтын Жұлдыз Textile» компанияларының қызметкерлерімен кездескен аудандық қоғамдық штаб мүшелері үміткердің Елбасымыздың ең сенімді серігі және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан тұлға екеніне тоқталды. Алдымен сөз алған  аудандық «NUr Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары, штаб жетекшісі Ақшолпан Марат  Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасының сарабдал саясатын сақтап, еліміздің тұрақты дамуын  жалғастырып, мемлекет тізгінін ұстауға лайық тұлға деп атады.

Әрі қарай сөз алған штаб өкілдері: аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ақылия Бекбаева  мен   Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбілдаева  баршаға ортақ игілік қалыптастырып, экономикалық жетістіктерімізді әр қазақстандықтың сезінуіне жағдай жасауды және заман көшіне ілесіп қана қоймай, оның алдыңғы легінде жүруге ұмтылып, үнемі өрлеп, өркендеуді көздеп отыр партия ұсынған кандидаттың ұсынған нақтылы бағдарламаларын сөз етті. Ал, аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аида Ақшалова Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында әр азаматтың дауыс беруі арқылы мемлекеттік билікті қалыптастыратын айтып, мекеменің жұмысшыларын әсіресе жас буын өкілдерін белсенді болуға шақырды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь