«Nur Otan» партиясының  Алматы облыстық филиалы мұқтаж отбасыларға  көмек көрсетті

0
309

Республикалық «Біз біргеміз» акциясының аясында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы 793 мұқтаж отбасыға көмек берді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күресті күшейту мақсатында халыққа көмек көрсетуге бағытталған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы басталған болатын.

Аталған  партия мүшелері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен құны 12,3 млн. теңге болатын азық-түлік пен жеке гигиена құралдарын сатып алды. Ал, партияның аймақтағы  филиалдары  «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілері  «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобалары  аясында  793 отбасыға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және азық-түліктермен көмек көрсетті.

Айта кету керек, облыста да  «Біргеміз, Жетісу» қайырымдылық қоры құрылған болатын. Оның мақсаты да өңірдегі халықтың әлеуметтік  әлжуаз топтарына қажетті көмек көрсету.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь