Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.НИТРАТТАРСЫЗ БАҚША ДАҚЫЛДАРЫН ТАҢДАЙМЫЗ! - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
НИТРАТТАРСЫЗ БАҚША ДАҚЫЛДАРЫН ТАҢДАЙМЫЗ!
19:50, 30 июля 2019

НИТРАТТАРСЫЗ БАҚША ДАҚЫЛДАРЫН ТАҢДАЙМЫЗ!


Базар ішінде жүргізілген акиця барысында қауын-қарбыздардың құрамына зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жеміс-жидектер мен көкөніс атауының құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендердің кездесетіні белгілі. Алайда мұндай бақша өнімдерін пайдалану кезінде улану фактілері де тіркеліп жатады. Мәселен, жаз мезгілінің басында қауын-қарбыздардың саудасы қыза түскенімен, олардың құрамындағы нитраттардың қауіптілік жағын көп адамдар біле бермейді. Бүгін соны жан-жақты түсіндіру мақсатында аудандық денсаулық сақтау басқармасының бас мамандары С.Усербаева, Н.Есимов және  аудандық сараптама бөлімінің мамандары Қаскелең қаласындағы «Достар» сауда базарында «Нитраттарсыз бақша дақылдарын таңдаймыз!» атты акциясын өткізді. Оның барысында жоғарыда айтып кеткеніміздей, қауын-қарбыздарға экспресс әдіспен нитраттардың құрамына зерттеу жүргізілді.

Акцияның базар ішінде жүргізілгені көпті қызықтыра түсті.  Сараптамаға арналған үстел маңынан өткендердің барлығы сатып алған бақша өнімдерінің құрамын арнайы мамандарға тексертіп, қауіпсіздіктеріне көз жеткізе білді. Сонымен, арнайы жүргізілген акция барысында бас-аяғы 25 сынама зерттелініп, олардың жеуге жарамдылығы әрі нормативтік талаптарға сай екені анықталды. Ал, тұтынушылар тарапы мамандардың атқарған жұмысына алғыстарын жеткізіп жатты.

Аудандық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Сая Усербаеваның айтуынша, жаз мезгілі кезінде адамдардың астан улану оқиғалары жиілейді. Ал, оның бірден-бір себебі бақша өнімдерінің бақылаусыз сатылуында екен. Сондай-ақ, аудандық сараптама бөлім мамандарының мәлімдеуінше, шілденің соңы мен тамыз айы бойы өнімнің нағыз пісетін уақыты. Сол уақыттарда көкөністер мен жеміс-жидектерді пайдаланған дұрыс.

Жалпы, талап бойынша нитраттың негізгі жарамды көрсеткіші қарбызда – 60 мг/кг, қауында – 90 мг/кг болуы керек. Артық нитраттар бауыр, бүйрек ауруына, асқазанның қатерлі ісігіне, иммунитеттің төмендеуіне әкеліп соғады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района