Нан бағасы өспейді

0
223

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен 6 мың тонна көлемінде бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алып, Алматы облысының наубайханаларын төмендетілген бағадағы ұнмен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында қалыпты нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында ауданымыздағы «АзияАгроФуд» АҚ жергілікті кәсіпорнынан сатып алынған ұн бүгінде 8 аудандардағы наубайханаларға жіберілді. Алдағы уақытта басқа аудандар да арзан ұнмен қамтамасыз етіледі. «Жетісу» ӘКК ұн шығарушы кәсіпорыннан өнімнің бір килаграмын130 теңгеден сатып алып, облысымыздағы наубайханаларға бір кг 90 теңгеден жіберіп отыр. Осылайша, мемлекет әрбір килограмм үшін 40 теңгеден субсидиялайды.

– Бұндай баға өз кезегінде наубайханалардың қалыпты нанның өзіндік құнын 80-85 теңгеден асырмауға мүмкіндік береді. Ұнға деген сұраныс өте жоғары. Бұл бағаның төмендігімен ғана емес, сапасымен де байланысты. Қазіргі уақытта ӘКК, аудан әкімдіктері мен наубайханалар арасында ұн жеткізу туралы 38 агенттік келісім жасалды», – деп атап өтті «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі департаменттің директоры Бахтияр Сембеков.

Біздің ауданымызға да арзандатылған өнімнен 20 тонна бөлініп, «Ахмет плюс» ЖШС наубайханасына жіберілді. Аталмыш наубайхананың директоры Ахмет Дурмуздың айтуынша, бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында наубайхана нанды төмен бағамен босатып, алдағы уақытта нанды 65 теңгеден сатуға мүмкіндік беріп отыр екен.

«Жетісу» ӘКК бұл бір жолғы шара емес екендігін айтып, облыстың наубайханаларына бидай ұнын жеткізу 2020 жылдың мамырына дейін жүзеге асырылатынын хабарлады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь