Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді  

0
432

Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен Парламент Сенаты Бюросының отырысында «Құрметті Сенатор туралы» Ережесі туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік басылымы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастыруға, сондай-ақ отандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына «Құрметті Сенатор» мәртебесі беріледі деген  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бұл бастамасына бюро мүшелері бірауыздан қолдау білдірді.

– Елбасының басқаруымен тәуелсіздік кезіндегі Қазақстанның жеткен жетістіктері бастаған жолының да, бағытының да дұрыстығын көрсетеді. Сенат жұмысының ыңғайлы болуына барлық мүмкіндікті жасап, сенаторлар Елбасының қойып отырған барлық мақсаттарымен тікелей тығыз байланысты болып келе жатыр, – деді Төраға орынбасары Б.Бекназаров.

Сенаторлар бюрода сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2019 жылға арналған Негізгі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь