Нұрлан Ноғаев: «Ешкімде жұмыстан шықпайды»

0
169

Атырау облысындағы перинаталдық орталықтағы тоңазытқышта сәбидін мәйіті табылғаннан кейін жұмыстан шығу туралы өтініш жазған дәрігерлердін барлығы дерлік жақында жұмысын жалғастыратын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы NUR.kz. сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, Атырау облысындағы перинаталдық орталықта дәрігерлер құжатты бүлдіргісі келмегендіктен тірі нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Бұл оқиға туралы іс әлі күнге дейін жүргізілуде.

Осы ретте жуырда елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аталмыш орталықта бірнеше жылдан бері дәрігерлердін жетіспейтіндігін сондықтан да  перинаталдық орталықта тоңазытқышта нәрестенің өлімі туралы тергеу басталып, аурухана қызметкерлері жұмыстан кету туралы хат жаза бастағанда, оларды қалуға көндіргенін айтты.

– Арыз жазған төрт дәрігер де өздерінің арыздарын қайтып алды. Тағы 28 дәрігермен кәсіби маман ретінде медицинаға қолдау көрсетіп, жұмысын жалғастыруы керек екендігі туралы түсіндірулер жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін ешкім бас тартқан жоқ, – деді Ноғаев.

Сондай-ақ, ол Атыраудағы перинаталдық орталық жұмысын жақын арада жалғастыратындығын айтып өтті. Денсаулық сақтау министрлігінде айтылғандай, гинекология бөлімі орталықтан қалалық перзентхана мен облыстық ауруханаға ауыстырылды. 2016 жылдан бері жұмыс істемей тұрған желдеткіштер жөнделіп, қазіргі таңда тексеруден өткізіліп жатқандығын да мәлімдеді. Ал, тоңазытқышта қайтыс болған нәрестенін өліміне қатысты Ноғаев тергеу туралы түсінік беруден бас тартты – «бұл тергеу органдарының құзыреті» – деді ол.

Тағы бір айта кетері, Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы тексеруінде Атыраудағы перинаталдық орталықта өзінің кір жуатын жерінін жоқтығы, желдеткіштің жұмыс істемеген және бір рет қолданылатын материалдар болмауы сияқты емделушілердің өміріне қауіп төндіретін бұзушылықтар анықталған болатын. Мұнан бәрі орталық қабырғасында инфекцияның пайда болуына әкелген бұнын салдарынан екі айдың ішінде 26 сәби қайтыс болған.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь