Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 01 февраля 2018 года – 264.7 тыс. человек | из них: городское – 66,1 тыс.человек | сельское — 198,6 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28304 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Нұр Отан» қолдау білдіреді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 25 апреля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Нұр Отан» қолдау білдіреді
23:20, 18 июля 2017

«Нұр Отан» қолдау білдіреді


«Нұр Отан» партиясы осы уақытқа дейін халық игілігі үшін көптеген оң бастамалар бастап, жүзеге асырып келеді. Соның бірі «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы. Оның басты мақсаты – жұмыспен қамтылмаған мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру. Осы ниетте бүгін «Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек пен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Тасырова үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Назира Алғожаеваны қабылдады. Кездесу барысында жұмыс сұрай келген Назира неміс тілі және қазақ тілі әдебиеті бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген. Қолында қос бірдей дипломы бар. Алғашқы кездері мұғалім болып та қызмет атқарған. Кейіннен көзіне ота жасаған соң, денсаулығына байланысты жұмыстан шығып қалған. Бүгінде жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отырғандықтан, жұмысқа зәру. Осылайша өтініш білдіре келген азаматшаны мұқият тыңдаған басшылар «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы жайлы ақпарат беріп, алдағы уақытта оңтайлы жұмысқа орналастыратынын айтты.

Сонымен қатар, Ықылас Еркінұлы, Эльмира Алтынбекқызы мүмкіндігі шектеулі екі тұрғынымен кездесу мақсатында үйіне және жұмыс орнына барды. Олар алдымен Қаскелең қаласында тұратын Жұлдыз Бұқарбаеваға соғып, қал-жағдайын білді. Екі бала тәрбиелеп отырған Жұлдыз, жақында ғана жұмыспен қамту орталығында компьютерлік бағдарламалар бойынша үш айлық курсты бітірді. Аталған мамандар бұл кісіні бір ай ішінде жұмысқа тұрғызатынына сендірді. Сондай- ақ, осы уақытқа дейін жоба аясында күзетші қызметін атқарып келе жатқан Бекболат ауылының тұрғыны Ерлан Бостаевта назардан тыс қалмады. Оған Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов арнайы келіп сыйлығын табыстады.

Осылайша, «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандардың келешегінің кедергісіз болуына атсалысып, жұмыссыздарын алдағы уақытта жұмысқа орналастыруды көздеп отыр.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района