Мобильді топ кәсіпорындарды аралады

0
696

Кеше ауданымыздағы мекемелердің санитарлық талапқа сай екендігін тексеруге арнайы құрылған мобильді топ өздерінің кезекті тексерістерін кәсіпорындарда жалғастарды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қарасай ауданында, әсіресе, кәсіпорындар көп орналасқан Елтай ауылдық округінде түрлі бағытта өнімдер шығаратын өндіріс орындары көп шоғырланғаны белгілі. Оның әрқайсысында 300-500-ге жуық қызметкерлер жұмыс істейді. Ережеге сәйкес, онда бір адам коронавирус инфекциясымен ауырған болса, нысандар толығымен каратинге жабылады. Аталған ережелерді тағы бір рет түсіндіру мақсатында мобильді топ осы аптаның сейсенбісінде ірі кәсіпорындарды аралады. Атап айтқанда, Машина өндіру, «ALMATY TANNERY» тері өңдейтін, «Coca-Cola», «Эфес»,​ «Terra Nova» сусын шығаратын зауыттарының, «А-продукт» кондитерлік фабрикасысының санитарлық талаптарды сақтау деңгейлері бақыланды. Кәсіпорындардың басым көпшілігі тағам өндірумен және белгілі затты өңдеумен айналысатындықтан, бұл орындарда карантиндік режим болмаса да, бетперде және қолғаппен жұмыс жасайтынын айта кеткен жөн. Ал,​ «Coca-Cola» зауыты болса сақтық шараларын күшейткен. Ғимараттың ішінде орналасқан асхана үстелдерінің үстіне, бетперделерінің шешіп тамақтанғанда жақын қарым-қатынаста болмас үшін әйнектер қойылыпты. Барлығының кіреберістерінде күзетші дене қызуын өлшеп қана ішке кіргізеді. Қызметкерлердің күнделікті​ температурасын медбике арнайы кітапшаға тіркейді. Қабырғаларына сақтық шараларын ескертетін жадынама қағаздары ілініпті. Бұл нысандарға мобильді топ тарапынан ешқандай ескертулер айтылған жоқ. Тек санитарлық нормаларды сақтау алдымен өздеріне керек екенін түсіндірді.

Мобильдік топ алдағы уақытта аудандағы өзгеде ұйымдарында санитарлық талаптардың қалай орындалатынын жіті бақылауды жалғастыра бермек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь